Accessibility links

Павлодардағы түрмеде өрт шықты


Сенбі күні таңертең Павлодардағы АП 162/3 жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өрт болып, жазасын өтеп жатқандар қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚазТАГ агенттігінің облыстық департамент өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, өртті сөндіруге 6 көлік пен 40 шақты адам тартылды. № 6-шы отряд ғимаратында 124 сотталған болған.

Алдын-ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына электр желісіндегі ақау себеп болған. Бұл тұста Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару комитетінің облыстық басқармасы өртті біреу қойған болуы мүмкін дегенді жоққа шығармайды. Өрттің шығуына байланысты тергеу жұмысы басталды.
XS
SM
MD
LG