Accessibility links

Медведев пен Назарбаев Қазақстанда жетінші форум өткізеді


Алдағы аптаның басында Ресей президенті Дмитрий Медведев Қазақстанға жұмыс сапарымен барып, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен аймақтық ынтымақтастық жөніндегі 7-ші форумын өткізеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

6-7-ші қыркүйек күндері Өскемен қаласында өтетін кездесу жайлы журналистерге Ресей президентінің көмекшісі мәлімдеді. Медведев пен Назарбаев онда аймақтық ынтымақтастық, сауда және экономикалық әріптестік жөнінде келіссөздер өткізеді.

Ресей президентінің өкілі бұл Медведев пен Назарбаевтың осы жылдағы 8-ші кездесуі екенін атап өткен.
XS
SM
MD
LG