Accessibility links

Карзай талибанмен келіссөз құратын кеңес құрды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай өзінің тәліптермен келіссөз өткізуді көздейтін кеңес құрғанын хабарлады. Карзай кеңсесі хабарлағандай, Жоғары бейбітшілік кеңесінің құрылуы бейбіт келіссөздерге бастаған қадам болып отыр.

Мәлімдемеде сондай-ақ Карзай ресми өкілдермен кездесіп, комиссияның құрамына нақты кімдер енетінін талқылаған.

Ауған президентінің Жоғары бейбітшілік кеңесін құру жоспары маусым айында мақұлданған. Оған Ауғанстандағы қауымдастық, тайпа, діни және саяси жетекшілер қатысқан.

Десе де Рейтерс агенттігінің хабарына қарағанда, талибандар бейбіт келіссөздер ұсынысынан бас тартып, біріншіден елдегі барлық шетелдік күштері шығуы керек деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG