Accessibility links

Пәкістандағы әуе соққысы бүлікшілерді нысанаға алған


Пәкістандық қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, АҚШ-тың зымыран соққысы делінген шабуылдан Ауғанстанмен шекаралас тайпалы аймақта бес бүлікші қаза тапты.

Атын атамаған ресми өкілдің айтуынша, алыстан басқарылатын адамы жоқ ұшақтың зымырандары Солтүстік Вазиристандағы Миран шах қаласында бір үй мен көлікті нысанаға алған. Оның сөзіне қарағанда, бұл осымен 24 сағаттың ішіндегі үшінші зымыран соққысы.

Бұл шабуылдар Кветта қаласындағы 60-тан аса адамның өмірін әкеткен жарылыстардан кейін болып отыр. Ол шабуылға жауапкершілікті Пәкістан талибандары алған.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG