Accessibility links

"Кабул банкінен" ақшасын әкетушілер кезегі екінші күнге созылды


Жексенбі күні Ауғанстандағы ірі банктердің бірі -"Кабул банкінің" алды банкке салған қаржысын қайтарып алу үшін ұзақ кезек күткен адамдарға толы болды.

Банктің коррупциялық істеріне қатысты АҚШ баспасөзінде жарияланған хабардан соң, оның тұтынушылары ақшаларын қайтарып алуға үміттенген.

Банктің алдына жиналған халық саны артқан сайын қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Көптеген тұтынушылар өздерінің банкке сенімі азайғанын айтса, тағы бірі Ораза айт мерекесіне дайындық жасау үшін қаражат алуға келгендерін алға тартқан.

Ауғанстанның орталық банк басшысы "Кабул банкіне" депозитке ақша салғандарды ақшаларыңыз жоғалмайды деп сендіруге тырысқан.
XS
SM
MD
LG