Accessibility links

Өскеменде Қазақстан мен Ресей жетекшілері кездеседі


Бүгін Өскеменде екі елдің мемлекет басшылары - Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен «Тұрақты даму мен жоғары технологиялар» атты Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының VII екікүндік Форумы ашылады.

Бизнес форумның алғашқы күнінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, көлік логистикасы мен туризм, ғылым мен инновация, атом өнеркәсібі бағыттары бойынша панельді сессия өтеді деп жоспарланған. Форум аясында өзара ынтымақтастық туралы 30 келісімге қол қою көзделіп отыр.
XS
SM
MD
LG