Accessibility links

Пәкістанда 14 полицей құрбан болды


Пәкістанның солтүстік-батысында жанпидашыл қаскүнемнің шабуылынан кем дегенде 14 полицей қаза тапты, ондаған адам зардап шекті.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, бомбамен нақышталған автокөлік Лаки-Марват қаласындағы полиция бөлімшесіне соғылып жарылды.

Бұл Пәкістанда жанпидашыл қаскүнемнің соңғы 7 күннің ішіндегі үшінші шабуылы болып отыр. Өткен аптада Лахор және Кветта қалаларындағы осындай қастандық шабуылдардан 100-ге тарта кісі құрбан болды.
XS
SM
MD
LG