Дүйсенбі күні Кабулда бірнеше жүз адам АҚШ-қа қарсы митинг өткізді. «Америкаға өлім!» деп айқалаған жұрт АҚШ-тағы бір шіркеудің 11 қыркүйек күні Құранның көшірмесін өртеу жоспарына наразылық білдірді.
Митингіде сөз сөйлеген парламент депутаттары, жергілікті билік өкілдері және дін жетекшілері шетелдік әскери күштерді елден шығаруды талап етті.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Гейнсвилл қаласында орналасқан бір шіркеу (церковь Dove World Outreach Center) 2001 жылдың 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдың 9 жылдығына байланысты Құранның көшірмесін өртейтін жоспарын жариялады.
АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі шіркеудің бұл жоспарына қарсылық білдіріп мәлімдеме жасады.