Accessibility links

Ашғабад «Олимпия қаласына» екі миллиард доллар жұмсағысы келеді


Түркіменстан билігі Ашғабадтағы «Олимпия қаласы» спорттық кешені құрылысын жаппай қолдау шарасын бастады деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттық радиосының Түркімен редакциясы. Жобаның құны екі миллиард долларға барады.

Жоба бойынша, олимпиялық спорт кешені құрамында - 30 спорттық нысан, 60 мың адамға арналған футбол стадионы бар. Бұл іске байланысты әр қилы пікір айтылды. Кейбіреулер мұны ақшаны босқа шашу дейді.

Түркіменстан жазғы олимпиялық ойындарға төрт рет қатысқанмен, ешбір медаль ұтып көрген емес.
XS
SM
MD
LG