Accessibility links

Ирақта сайлау өткен 6 айдан бері үкімет құрылған жоқ


Ирақта жалпы ұлттық сайлаулар өткеніне алты айдан асса да, ел үкіметі әлі жасақталмады. Наурыздың 7-де өткен сайлаулардан бері үкімет құру жолында жасалған прогрестер аз ғана болып отыр.

Ирақтықтардың даусы шийттер жетекшілік ететін екі блок пен күрд партиялары және сүнниттер қолдауын алған зайырлы одақтар арасында бөліске түсіп отыр.

Бұрынғы премьер-министр Аяд Аллавидің сүнниттер қолдауындағы “Ирақия” партиясы ең көп 91 орынды жеңіп алып, 89 орынды иеленген премьер-министр Нури әл-Мәликидің шийттер коалициясымен, не басқа топтармен үкімет жасақтай алмады.
XS
SM
MD
LG