Accessibility links

Пәкістанда ұсталған британдық босатылды


Пәкістанның солтүстік-батысында исламшыл жауынгерлер ұстап әкетті делінген британдық журналист босатылды. Исламабадтағы Британияның Жоғары комиссиясы тегі пәкістандық Британ азаматы Асад Курешидің бостандыққа шыққанын растады.

Курешиді осыған дейін елдің тайпалы аймағында пәкістандық барлау қызметінің екі офицерімен бірге “Азия барыстары” деп аталатын топ ұстап әкеткен болатын.

Кепілдікке алушылар олар үшін 10 миллион доллар сұраған. Барлау қызметінің бір офицерін олар атып тастаған, қалғандары босатылды.
XS
SM
MD
LG