Accessibility links

Бүгін - Солтүстік Осетияда қаралы күн


Бүгін Солтүстік Осетия, Владикавказ орталық базарында болған бомба жарылысынан қаза болғандарды еске алып жатыр.

Соңғы ақпарат бойынша, жарылыстан 17 адам қаза болып, 130-ға жуығы жарақат алған. Базарға кіре берісте тұрған көлік жарылысын жанкешті жасады деген күдік бар.

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортниковтың сөзінше, бейсенбі күн кешке терактті ұйымдастыруы мүмкін деген күдікпен үш адам ұсталған.

Ал Ресей мұсылман қауымдастығы жетекшілерімен кездескен премьер-министр Владимир Путин болса, экстремистер шабуылын тоқтатуға көмектесуді сұрап, елдің барша мұсылмандарына үндеу тастады.

Соңғы жылдары Владикавказда бірқатар бомбалық шабуылдар болып, ондаған адамның өмірін қиған еді.
XS
SM
MD
LG