Accessibility links

Нью-Йорк имамы мен пастер арасында еш келісім болмаған


Нью-Йорк имамы Фейсал Абдул Рауф, соңғы кездері "Құранды өртеймін" деп танымал болған пастер Терри Джонсонмен арада қандай да бір келісімнің болғанын растамай отыр.

Бұдан бұрын Джонс, имаммен Нью-Йоркте салынайын деп жатқан Ислам орталығын басқа жаққа көшіру туралы келісімге келгендігін, сол себепті өз ойынан бас тартқандығын мәлімдеген еді. Флорида штатының имамдарының бірі Мухаммад Мэсри де мұндай келісімнің болуы мүмкін деген ой айтады.

Джонстың хабарлауынша, оның бұл ойынан бас тартуына, АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстпен арада болған телефон әңгімесі де әсер еткен. Гейтс, Құранды өртеу - Америка әскеріне қосымша қауіп төндіретіндігін жеткізген.

Пастордың бұл жоспарын әлемнің көптеген саяси және діни ұйымдар өкілдері сынға алды. АҚШ президенті Барак Обама Джонсты бұл райынан қайтуға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG