БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Сербия мен Косово арасында диалог өткізуге шақыратын сербиялық қарарды қабылдады.
Еуропа Одағы қолдау танытып отырған келіссөздер 1999 жылы Сербия мен оның этникалық албандар тұратын аймағындағы қақтығысты тоқтату үшін НАТО-ның бомбалауынан кейін Белградтың Косовоға бақылауын жоғалтқаннан бері бірінші рет болайын деп отыр.
Бұл қарар Бас ассамблеяның 192 мүшесінің дауыс беруінсіз-ақ бейсенбі күні мақұлданды. Сербияның қарары халықаралық әділет сотының Косовоның 2008 жылы тәуелсіздік жариялауында еш заңсыздық жоқ дегенімен келісіп отыр. Бірақ Сербия Еуропа Одағының арағайындығымен өтетін келіссөздерге дайын болуына қарамастан, Косово тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлімдеді.