Accessibility links

Еуро Одақ: Косово келісімінен кейін Сербияның Одаққа енуі тезірек болады


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Сербияның Косовомен диалог құру келісімінен кейін Белградтың Еуропа Одағына мүшелікке өтуі тез қарқын алуы мүмкін деді.

Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт Сербияның Еуропа Одағына мүше болу өтінішімен одақ тезірек келіседі деп күтетінін айтты.

Германия сыртқы істер министрі Гюдо Вестервелле Белград пен Приштина арасындағы достық қарым-қатынастың орнай бастағанына өзінің көңілі толатындығын мәлімдеп, бұл еуропалық комиссияға мүшелікке өтуге әкелетін өте жақсы бастама деді.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы дауыс берген Белград пен Приштина арасында диалог өткізуге шақыратын қарар ұзақтан бері келе жатқан Косово мәселесін шешеді деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG