АҚШ-тағы кішігірім шіркеудің пасторы Терри Джоунс өзінің осыған дейін айтқан Құран көшірмелерін өрттеу жоспарынан бас тартқанын айтты. Ол осыдан бір аптадай бұрын 11-ші қыркүйек шабуылдарының 9 жылдығын атап өткенде, Құранды өрттейтіндігін айтып қорқытқан.
Сенбі күні Нью-Йорктегі NBC телеарнасына берген сұқбатында Терри Джоунс, "біз Құранды бүгін де, ешқашан да өртемейміз" деді.
Флоида штатындағы 50 мүшесі ғана бар шіркеудің қасиетті кітап Құранды өрттеу жоспары әлем елдерінде жаппай наразылықтар тудырды.
АҚШ билігі оны ол жоспарынан бас тартуға көндіріп, бұл елдегі діни төзімділік рухына қарсы, Американың құндылықтарына қайшы келеді деді.