Accessibility links

Грекия үкімет басшысы экономикалық қатаң саясат өзгермейді деді


Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу мыңдаған шеруші экономикалық қысқартуларға қарсы шыққанына қарамастан, үкіметтің қатаң шараларын ұстап тұратынын айтты.

Ол бұл туралы сенбі күні халықаралық көрмеге барған кезінде мәлімдеп, “мен бұл күресті оның саяси құнын ойламастан бастап отырмын” деді.

Бұл тұста сыртта 20 мың адам қоғамдық саладағы шығындардың қысқартылуына наразылық танытып, үкіметтің экономикалық қатаң саясатын сынады.

Грекия үкіметі мамыр айында қарыз дағдарысынан құтылу үшін Еуропа Одағы мен Халықаралық қаржы қорынан 140 миллиард доллар көмек ақшаны алғанда, осындай қатаң шараларды қолға алуға келіскен.
XS
SM
MD
LG