Accessibility links

Бүгін қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні


Қыркүйектің 12-і кісі қолынан қаза тапқан саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Бұл күнге байланысты Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор мүшелері мен оппозиция өкілдері сенбі күні Алматыда бірқатар еске алу шараларын өткізді.

Алайда оппозиция өкілдері Алтынбек Сәрсенбайұлының кісі қолынан қаза болғанына төрт жылдан асса да, биліктің жалтақтығынан саясаткерді еске алу іс-шарасы өткізілмей, оның мемлекеттің дамуына қосқан үлесі еленбей келе жатқандығын деп айтты.

Алтынбек Сәрсенбайұлы жанындағы екі серігімен 2006 жылдың 11 ақпанында Алматы маңындағы тау бөктерінде қастандықпен өлтірілген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG