Accessibility links

ЕО Түркиядағы конституциялық реформаны қолдайды


Еуропа Одағы мен АҚШ Конституцияны реформалау мәселесі бойынша Түркияда өткен референдумның қорытындысын қолдады.

Бастапқы мәлімет бойынша, негізгі заңға 26 түзету енгізу ұсынысын Түркия сайлаушыларының 58 пайызы қолдап дауыс берді.

Ең маңызды түзетулердің бірі - әскерилердің биліктегі құзырын шектеу. Түзетулер күшіне енген соң әскерилер азаматтық сотқа бағынышты болады. Түрік премьер-министрі Режеп Эрдоган мәлімдегендей, референдумның нәтижесінде «Түркия демократиясы жеңіске жетті».

Түзетулерге қарсы жақ референдумнан кейін Эрдоганның исламшыл партиясы үстемдік орнатады деп есептейді. Ал Еуропа Одағы жаңа конституциялық реформаны оң қадам деп бағалады.
XS
SM
MD
LG