Accessibility links

«Базель комитеті» банктер туралы жаңа келісімді мақұлдады


Банктерді бақылайтын «Базель комитетінің» басқару кеңесі өткен жексенбі күні банктерді реттеу туралы «Базель-3» деп аталатын жаңа халықаралық келісімнің негізгі тарауларын мақұлдады.

Базель комитеті халықаралық есеп айырысу банкі аясында құрылған болатын және оның штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан.

Жаңа келісімге сәйкес, банктің өзіндік капиталының қазіргі жеткілікті деген нормасы 3 еседен көпке ұлғатылуға тиіс, оның ішінде банктер дағдарысқа қарсы қосымша қаржы қоры болуға тиіс.

Оған қоса жаңа нормалар бұрынғыдай ұсыныс қана емес, міндетті түрде орындалатын шарттар болады және базель комитетіне кіретін елдердің банк заңнамасына міндетті түрде кіргізілуі керек.

Нормаларды саты-сатылармен көтеру 2013 жылдан басталады, ал жалпы бұл жоспар 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңді қамтиды.

1974 жылы құрылған «Базель комитетіне» қазір 27 мемлекет, оның ішінде «Үлкен жиырмалық» тобына кіретін елдер (G20) мүше болып табылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG