Accessibility links

БҰҰ-ның арнаулы өкілі Ақордаға үндеу жолдады


Баспананың жеткіліктілігі бойынша БҰҰ-ның арнаулы баяндамашысы Ракель Рольник Қазақстан билігін халықты баспанамен қамтамасыз етуге және алданған үлескерлердің проблемасын шешуге шақырды.

Дүйсенбі күні Рольник ханым Қазақстанның құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша мемлекеттік мекемлерінің басшыларымен кездесуінде осындай мәлімдеме жасады.

Ракель Рольник ханымның 6 қыркүйекте басталған сапары 13 қыркүйекте – дүйсенбіде аяқталды.

Сапар қорытындысы бойынша Рольник Қазақстандағы адамның баспанаға деген құқын жүзеге асыру бойынша өзінің кеңестері мен ұсыныстары айтылған баяндама жазады. Ол баяндама 2011 жылдың наурызында БҰҰ-ның адамның құқы бойынша Кеңесіне беріледі.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG