Accessibility links

Monde басылымы Француз үкіметін сотқа берді


Францияның Monde газеті, ақпарат беретін дереккөзді қорғау туралы заңды бұзды деп, Француз үкіметін сотқа берді.

Басылымның мәлімдеуінше, президент Николя Саркози әкімшілігі арнайы қызметке, елдегі жоғарғы билік маңындағылардың қайсысының құпия ақпаратты таратқанын табу туралы тапсырма берген. Билік газеттің айыбын жоққа шығаруда.

Жарияланған құпия ақпарат - елде тергеу ісінің басталуына негіз болып отыр. Енді полиция, президент Саркозидің сайлау алды компаниясын кімнің қаржыландырғандығын анықтауы қажет.

Өткен аптада полиция, тергеу ісі аясында биліктің партиясы болып табылатын "Ұлттық қозғалыс үшін одағының" кеңсесінде тінту жүргізді.
XS
SM
MD
LG