Accessibility links

Бекназаров кадрлық өзгерістерге қатысты таңданысын жасырмады


Қырғызстан вице-премьер-министрі Әзімбек Бекназаров, соңғы болған кадрлік өзгерістер өзін таңқалдырғандығын мәлімдеді.

Елдегі құқыққорғау органдарын, оның ішінде соттар мен прокуратура қызметіне жетекшілік ететін Бекназаров, президент Роза Отунбаевамен осы саладағы қандайда да бір өзгерістерді өзара ақылдасып шешуге келіскен.

«Менімен бұл туралы ешкім ақылдасқан жоқ, меніңше бұл жақындап қалған парламент сайлауымен байланысты болуы мүмкін», - дейді Бекназаров.

Дүйсенбі күні, Қырғызстанда жаңа бас прокурор мен ішкі істер министрі тағайындалды. Елдің бас прокуроры болып генерал-лейтенант Қубатбек Байболов тағайындалды. Ал Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының бұрынғы бастығы Зарылбек Рысалиев, ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Роза Отынбаеваның жарлығымен осы күнге дейін елдің бас бақылау органының бастығы қызметін атқарып келген Байтемір Ибраев отставкаға кетті.
XS
SM
MD
LG