Accessibility links

Франция сенаты пәренжеге тыйым салу туралы заңға дауыс береді


Бүгін Франция сенаты пәренже киюге тыйым салатын заң жобасына дауыс бермек. Заң жобасын көктемде Францияның төменгі палатасы мен Ұлттық Ассамблея мүшелері қолдаған еді.

Егер заң күшіне енетін болса, онда қоғамдық орындарда пәренже мен ниқаб кигендерге 150 еуро көлемінде айыппұл салынатын болады. Ал әйелдеріне бұл киімді кигізген күйеулері 30 мың еуро төлейді немесе бір жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін

Жобаны жақтаушылар киімнің бұл түрі Француз мемлекетінің зайырлы сипатына және гендерлік теңдіктің қағидаларына қайшы деп есептейді. Бұған қоса олар қауіпсіздік мәселесін де алға тартып отыр.

Заң жобасына қарсылар болса, мұндай тыйымды жеке бастың еркіндігін шектеу деп атады. Құқыққорғаушылар, пәрәнже мен ниқабқа тыйым салатын заң жобасы, адамның негізгі құқын бұзады деп есептейді. Заң жобасы, Францияда тұратын мұсылман әйеелдерге үйден шығуға тыйым салып, жұмыс істеп пен білім алуды тоқтатуға мәжбүрлейді.
XS
SM
MD
LG