Accessibility links

Қазақстан Украина арқылы өтетін мұнай транзитін арттырады


Украина мен Қазақстан президенттері Виктор Янукович пен Нұрсұлтан Назарбаев Украина территориясы арқылы қазақ мұнайының транзитінің көлемін 8 млн. тоннаға дейін арттыру туралы уағдаласты.

Бұдан бөлек, Виктор Янукович, Украина Қазақстан аумағында мұнай және газ кеніштерін игеруге конкурстық негізде қатысуға дайын екендігін жеткізді.

"Оны жүзеге асыру үшін сізден бізге жағдай туғызуды сұраймыз - қазіргі заманғы тендерлік жағдайда біз бұл қатынастарды дамытуға дайынбыз", - деді Украина президенті.
XS
SM
MD
LG