Accessibility links

Иран түрмесінен шыққан америкалық анасымен кездесті


Иранда бір жылдан аса тыңшылық жасамақ болды деген айыппен қамауда болған АҚШ азаматшасы анасымен кездесті.

32 жастағы Сара Шурд Теһрандағы Эвин түрмесінен сейсенбі күні шыққан болатын. Бұдан кейін ол омандық ұшақпен Маскатқа жетіп, анасымен кездесіп отыр.

Шурдпен бірге қамауда болған Американың екі азаматына қарсы тыңшылық айыптары әзірге күшін жойған жоқ. Хабарларға қарағанда, Шурд Оман арқылы Иранның ұлттық банкіне 500 мың доллар кепіл ақша төлеген.

АҚШ үкіметі өздерінің ондай ақшаға қатысы жоқ екенін айтты. АҚШ президенті Барак Обама Иран билігін қалған екі америкалықты да босатуға шақырып, олардың еш қылмысы жоқ деді.
XS
SM
MD
LG