Accessibility links

Ресей үкіметтік емес ұйымдарды тексере бастады


Human Rights Watch ұйымы сәрсенбі күні Ресейдің елдегі үкіметтік емес ондаған ұйымға тексеру жүргізіп, тергеуге алғанын айтып отыр.

Құқық қорғаушты топтың мәліметінше, Мәскеу қалалық прокуратурасы үкіметтік емес ұйымдардан олардың құжаттарының көшірмесін бірнеше сағаттың ішінде дайындап беруді талап еткен.

Human Rights Watch деректеріне қарағанда, Мәскеудегі “Хельсинки” және “Мемориал” адам құқығын қорғаушы ұйымдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Transparency International тобы тексеріске түскен.

Прокуратура кеңсесі таратқан мәлімдемеде, өздерінің 2006 жылғы үкіметтік емес ұйымдар туралы заңға сәйкес, олардың қаржылық жұмыстары қалай жүріп жатқанын бақылауды бастағанын айтқан.
XS
SM
MD
LG