Accessibility links

Клинтон: Израиль мен Палестина жетекшілері келіссөзге отырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Израиль мен Палестина жетекшілері аймақтағы қақтығысқа қатысты негізгі мәселелерді қарай бастады.

Хиллари Клинтон Иерусалимдегі Израиль премьер-министрі мен Палестина жетекшісі арасындағы келіссөздерге төрағалық етіп отыр.

Нетаньяху мен Аббас сейсенбі күні Шарм ел-Шейхта келіссөздер өткізген. Бірақ онда Батыс жағалауда еврей қоныстарына қатысты мәселе шешімін таппады.

Палестиналықтар егер үйлер салуынуы тоқтамаса, келіссөздерден шығатынын ескерткен. Израиль болса, қыркүйек айының соңында аяқталатын қоныстануды уақытша тоқтату мерзімін созатын-созбайтыны туралы ештеңе айтпады.
XS
SM
MD
LG