Accessibility links

Немістің әйгілі панк-рок тобы алғаш рет Қазақстанда концерт береді


Германияның атақты панк-рок тобы - «Die Toten Hosen» алғаш рет Орталық Азия елдерінде концерт береді. Топ Астанаға 21 қыркүйекте, Алматыға 22 қыркүйекте келеді, деп хабарлайды Германияның Алматыдағы бас консулдығы.

Бұл концерттер Германияның Қазақстандағы жылы аясында өтеді.

«Die Toten Hosen» тобы 20 жыл бойы әлемді аралап, өнер көрсетіп келеді. Музыканттар Германияның өзінде ғана 20 мыңнан аса жазбасын сатып үлгерген. Дюссельдорфтан шыққан топ халық алдында фонограммасыз өнер көрсеткенді қалайды.
XS
SM
MD
LG