Accessibility links

Құқық қорғаушылар этникалық өзбекке өмірлік жаза берілгенін сынады


Адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымдар Қырғызстан сотының этникалық өзбек, құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровқа полиция қызметкерін өлтірді деген айыппен өмірлік түрме жазасын бергенін сынға алды.

Лондонда орналасқан Amnesty International ұйымы Асқаровқа қарсы айып қолдан жасалған деп, оны тезарада босатуға шақырды. АҚШ-тағы Human Rights Watch ұйымы сот ісі заңды белден басты, оның қорғаушысына қарсы қоқан-лоққы болды деп, Қырғыз билігін әділ әрі ашық сот процесіне өткізуге үндеді.

Қырғызстан оңтүстігінде маусым айындағы ұлтаралық қақтығыста Базарқорған ауылында полиция қызметкерін өлтірді деген айып тағылған этникалық өзбектер - Асқаров пен тағы жеті адамға сот үкімі шыққан еді.
XS
SM
MD
LG