Accessibility links

Митчель: Израиль мен Палестина жетекшілері ымыраға келе бастады


АҚШ-тың мәлімдеуінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху мен Палестина президенті Махмуд Аббас
Батыс жағалауда еврей қоныстарын салу мәселесін реттеуде прогрестер жасай бастады.

АҚШ өкілі Джордж Митчель біз осы тұрғыда алғабасушылық болу үшін қолдан келгенді жасай береміз деген. Ол сондай-ақ, Нетаньяху мен Аббас өздерінің мәмілегерлері алдағы аптада тағы кездесіп, келіссөздер өткізуін келісті.

Сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израиль мен Палестина жетекшілері қақтығысты реттеудегі басты мәселелер бойынша келіссөзге отырды деген еді.

Палестиналықтар егер еврей қоныстарын салу жалғаса берсе, келіссөзден бас тартатынын ескерткен.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG