Accessibility links

Қазақстан боксшылары әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті


Қазақстан боксшылары осы күндері Барбадос астанасы - Бриджтаунда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Енді Назгүл Боранбаева (48 кг) және Марина Вольнова (81кг) кем дегенде қола медаль алуы мүмкін.

Ширек финалдағы жекпе-жекте Боранбаева өзінің негізгі қарсыласы, өткен жылғы әлем чемпионатының чемпионы Солтүстік Кореялық Ким Мионг Симнан басым түсті. Есеп - 5:3. Енді ол ақтық жарысқа өту үшін әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері румыниялық Стелюта Дутамен кездеседі.

Марина Вольнова болса рингте Үндістан боксшысы Лаксми Падийяны 18:4 есебімен жеңді.
XS
SM
MD
LG