Accessibility links

Польша полициясы Ахмед Закаевты ұстады


Бүгін Варшавада Интерпол арқылы іздеуде жүрген жікшіл шешендер жетекшісі Ахмед Закаев ұсталды.

Бұдан бұрын Польшадағы Ичкерия Шешен республикасының құрметті консулы Адам Боровски Закаев Польша территориясында жасырынбайтындығын, жұма күні таңертең Варшава прокуратурасына өзі келетіндігін мәлімдеген еді.

Дегенмен, Закаев прокуратураға барар жолда ұсталды. Бұл туралы шешен саясаткерімен бірге болған Еуро парламент депутаты Тадеуш Звефка хабарлады.

Террорист ретінде Ресейдің іздеуінде жүрген Закаевқа Британия 2003 жылы саяси баспана берген. Ол жұма күні Дүниежүзі шешендерінің Польшада өтетін жылдық конгресіне қатысуға келген.

Бұл конгрес Шешенстанның тәуелсіздігін көздеген әрі Мәскеу тағайындаған президент Рамзан Қадыровқа қарсы қуғында жүрген шешендердің басын қосады.
XS
SM
MD
LG