Accessibility links

Ресей мен Украина президенттері кездесіп жатыр


Ресей мен Украина президенттері Дмитрий Медведев пен Виктор Янукович екі күндік саммитін бастады. Олардың кездесуі Ресеймен шекаралас Украинаның Глухов қаласында өтіп жатыр.

Кейінірек келіссөздер Ресей президентінің Тверь облысындағы резиденциясында жалғасады. Кремль өкілдері саммитте бірқатар Ресей-Украина мәселелері талқыланады деген.

Бақылаушылар екі ел арасындағы байланыс осы жылдың басында Украина билігіне Виктор Янукович келгеннен бері күшейе түсті дейді.
XS
SM
MD
LG