Accessibility links

Талибан парламент сайлауы алдында кандидатты ұрлап әкетті


Ауғанстан билігі елдегі парламент сайлауы қарсаңында тәліптер 19 адамды басып әкетті деп отыр. Олардың ішінде депутаттықтан үміткерлер мен сайлау комиссиясының мүшелері бар.

Талибандар осыған дейін парламент сайлауына жол бермейтіндіктерін айтқан. Жұма күнгі депутаттықтан кандидат Абдул Рахман Хаяттың ұрлануына жауапкершілікті тәліптер алды.

Ауғанстан парламентінің төменгі палатасындағы 249 орын үшін 2500 кандидат дауысқа түсіп отыр.
XS
SM
MD
LG