Accessibility links

Британия полициясы Рим папасына қауіп төндірген 5 адамды ұстады


Британ билігі хабарлағандай, Лондонда Рим папасы Бенедикт XVI қауіп төндірген 5 адам қамауға алынды. Ұлыбританияда 4 күндік сапармен жүрген Бенедиктке 26 мен 50 жас шамасындағы адамдар шабуыл жасамақшы болған дейді Лондон полициясы.

Католик шіркеуі мен ағылшындар арасындағы байланыстарды жақсартуға ниет танытқан Рим папасы жұма күні Кентербери архиепископымен кездеседі.

Бұл Рим католик шіркеуі жетекшісінің Ұлыбританияға жасаған алғашқы сапары болды. Бейсенбі күні оны Эдинбургте Ұлыбритания патшайымы қарсы алды. Голазгодағы ашық аспан астындағы жиынға 65 мың халық қатысты.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG