Accessibility links

Ауғанстанның парламент сайлауы кезінде қақтығыстар болды


Ауғанстанда парламент сайлауы жүріп жатыр. Алдыңғы түскен хабарларда дауыс беру барысында заңсыздықтар болып, қақтығыстар да орын алды.

Франциялық AFP ақпарат агенттігіне Нангарар провинциясының полициясы зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты деген. Сондай-ақ Хост провинциясындағы сайлау учаскесінде бомба жарылысынан сайлау комиссиясының екі өкілі бар үш адам жараланған.

Ел астанасы Кабулға да таңа ата зымыран соққысы беріліп, Жалалабад, Қандағар, Бадахшан, Херат және Ғазни провинцияларына шабуылдар болды. Тәліптер халықты дауыс берулерге бойкот жариялауға шақырып, сайлауға кедергі жасаймыз деп айтқан болатын.

Кабулда өз дауысын берген президент Хамид Карзай бұл сайлау елдің келешегін жақсартуға көмектеседі деді. Ауғанстан парламентінің төменгі палатасындағы 249 орын үшін 2,500 кандидат дауысқа түсіп отыр.
XS
SM
MD
LG