Accessibility links

Рим папасы Британиядағы сапарын Лондонда жалғастырды


Рим папасы XVI Бенедикт Ұлыбританияға сапарының үшінші күнін Лондонда премьер-министр Дэвид Кэмерон және басқа да саяси жетекшілермен кездесуге арнады.

83 жастағы Рим папасы Лондондағы Хайд паркке жиналған халықпен кездесіп, ашық аспан астында құдайға құлшылық дұғасын оқиды.

Жұма күні Британия полициясы Рим папасына шабуыл жасамақ болды деп күдікке ілінген 6 адамды қамауға алғандарын айтқан.

Сонымен қатар Лондонның орталығында мыңдаған адам католик шіркеуіндегі жыныстық жанжалға қатысты, түсік жасау, гейлер құқығына байланысты шіркеудің ұстанымына қарсы шеруші өткізді.
XS
SM
MD
LG