Accessibility links

Иран құқық қорғаушыны 6 жылға соттады


Иран құқық қорғаушы Шива Назар Ахариді алты жылға түрмеге жапты. Ол желтоқсан айында оппозициялық Жасылдар қозғалысының рухани жетекшісі аятолла Хоссейн Әли Монтазериді жерлеу рәсімінен қайтып бара жатқанда, қамауға алынған еді.

Шива Назар Ахари мемлекетке қарсы астыртын әрекетке барды деген айыптармен сотталды. Оның адвокаты Мохаммад Шарифтің айтуынша, Ахариге 74 дүре соғу керек болған. Бірақ ол осы жазаның баламасы ретінде 400 доллар айыппұл төлеуі тиіс еді.

Адвокат сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.
XS
SM
MD
LG