Accessibility links

Қазақстан тұңғыш рет Дэвис Кубогына жолдама алды


Қазақстан ерлер құрамасы Швейцария құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, Дэвис Кубогына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Қыркүйектің 19-ы күні өткен соңғы матчтарда Қазақстан құрамасы екі мәрте жеңіске жетті. Андрей Голубев Михаэль Ламмераны екі партияда ұтса, Михаил Кукушкин Марко Кьюдинеллиді жеңді.

Дэвис Кубогы - ерлер ұлттық құрама командалары арасындағы ең ірі халықаралық теннистік турнир.
XS
SM
MD
LG