Accessibility links

Барбодос: қазақ боксшылары бір күміс, бір қола медаль алды


Бокстан Барбодоста өткен әйелдер арасындағы VI Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік 12 команда қатарына енді.

Ақтық сында 81 келі салмақта өнер көрсеткен Марина Вольнова бразиялиялық Росели Фейтосаға 12:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін жартылай финалда румыниялық Стелюта Дутеден 10:5 есебімен ұтылып қалған Назгүл Боранбаева (48 кг) қола жүлдеге ие болған еді.

Командалық есеп бойынша 1-ші орынды 2 алтын, 1 күміс медальмен - Ресей, 2-ші орынды 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен - Қытай және 1 алтын, 1 күміс медальмен - Солтүстік Корея құрамалары иеленді.
XS
SM
MD
LG