Accessibility links

Швецияда парламент сайлауы өтті


Соңғы мәліметтер бойынша, парламент сайлауында премьер-министр Фредрик Рейнфельд бастаған «Альянс» билеуші партия жеңіске жетті. Құрамына төрт партия кіретін коалиция 349 мандаттың 172-не ие болған. Алайда, бұл жаңа үкімет құру үшін жеткіліксіз.

Ал, олардың қарсыластары - социал-демократтар мен солшылдар 157 орынға қол жеткізсе, тағы 20 мандат демократтарға бұйырды.

Жексенбі күні өткен сайлау бюллетеньдерінің әзірге тек 99 пайызы саналып бітті.
XS
SM
MD
LG