Accessibility links

Пәкістанда АҚШ зымыранынан 5 адам қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-батысында болған АҚШ-тың әуе шабуылынан бес бүлікші қаза тапқан. Пәкістанның барлау қызметінің хабарлауынша, алыстан басқарылатын зымыран соққысы тайпалы аймақ Датта Хелдегі бір үйді нысанаға алған.

Ауғанмен шекаралас бұл аймақты бақылауларында ұстап отырған бүлікшілер Ауғанстандағы НАТО күштеріне қарсы шабуылдар жасап келеді.

Бұл осы айдағы 14 ші әуе соққысы деп жазды Ассошейтед пресс агенттігі. Агенттіктің хабарына қарағанда, зымыран шабуылдарының көбісі Жалалуддин Хаккани бастаған жасақтарды нысанаға алып отыр.
XS
SM
MD
LG