Accessibility links

Мәскеу мэрі тағдыры бұлыңғыр болып тұрғанда демалысқа кетті


Мәскеу мэрі Юрий Лужков өзін орнынан алуы мүмкін деген сөздер айтыла бастағанда, елден шет жаққа демалысқа кетті.
Лужковтың өкілі Сергей Цой РИА новости агентігіне берген сұқбатында, қала басшысы бір апта демалысқа Австрияға кетті деген.

1992 жылдан бері Мәскеу мэрі болып келе жатқан Лужков жақында ақпарат құралдарында қатты сынға ілікті, онымен қоса президент Дмитрий Медведевтің өзі оны сынады.

Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің жақын одақтасы Лужков пен оның миллиардер әйелі Елена Батурина билікке жақпай қалған сияқты. Ресейдің мемлекеттік НТВ арнасы Лужков пен оның әйелінің коррупциялық істері туралы екінші деректі фильм көрсетті.
XS
SM
MD
LG