Accessibility links

Жікшіл шешендер жетекшісі Ахмед Закаев Польшадан шығып кетті


Қуғында жүрген шешендердің өкілі хабарлағандай, жікшіл шешендер жетекшісі Ахмед Закаев Лондонға қайту үшін Варшавадан шықты. Ресей Закаевқа терроризм айыптары бойынша іздеу жариялап, Польшаның оны экстрадициялағанын көздеген еді.

Закаевтың одақтасы Адам Боровски Ассошейтед пресс агенттігіне берген сұхбатында Закаев Польшадан жексенбі күні шығып кетті деді. Өткен жұмада Закаевты Польша полициясы қамауға алып, кейін сот шешімімен Британиядан саяси баспана алған оны босатқан.

Ресей 1990 жылдардағы Шешенстандағы соғыс кезіндегі қақтығыстар үшін Закаевты тұтқындауды көздеп келеді. Британияда тұратын жікшіл шешендер жетекшісі Закаев Польшаға қуғындағы шешендер конгресіне қатысу үшін барған болатын.
XS
SM
MD
LG