Accessibility links

Карзай өкілі ауған сайлауына баға беру әлі ертерек деді


Бүгін Ауғанстан президентінің өкілі елдегі сенбі күні өткен парламент сайлауының деңгейіне баға беру тым ерте деп айтты. Президент Карзайдың өкілі Вахид Омар бұл пікірін Кабулдағы баспасөз мәслихатында айтты.

Оның алдында БҰҰ-ның жоғары өкілі Стаффан де Мистура сенбі күнгі дауыс берулерді енді ғана аяқталғандықтан оны сәтті өтті деп айту әлі ертерек деген еді.

Ауғанстанның БҰҰ қолдауындағы Сайлау шағымдары жөніндегі комиссиясы өздеріне сайлаудағы заңсыздықтар мен бұрмалаушылықтар туралы 700-ден аса арыз-шағым түскенін айтқан.
XS
SM
MD
LG