Accessibility links

Майя Манеза - әлем чемпионы


Қазақстандық Майя Манеза ауыр атлетикадан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Түркияда осы күндері өтіп жатқан әлем біріншілігінде 24 жастағы спортшы әлемдік рекордты жаңартты.

63 кг салмақта өнер көрсететін Манеза, әлем рекордын жаңартып, 143 кг бағындырды. Бұрынғы көрсеткіш 142 кг болатын. Осылайша жалпы есепте 248 кг жинаған Майя Манеза екінші мәрте әлем чемпионы атағына ие болды.

Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты.Түркия. Анталия.

Әйелдер.

63 кг салмақ дәрежесі:
1. Майя Манеза (Қазақстан)
2. Сибель Симсек (Түркия)
3. Юань Сяофан (Қытай)
XS
SM
MD
LG