Accessibility links

Ақтөбеде бір жұмысшы керосин буына уланып қаза тапты


Ақтөбе химиялық қоспалар зауытында керосиннің буына уланып бір жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланып отыр.

Оқиға қыркүйектің 20-сы күні, «ЛАД» ЖШС-ға тиесілі зауыт аймағында, әрқайсысы 60 текше метрлік цистерналарда тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

Иіс тиіп уланған 51 және 56 жастағы екі жұмысшы дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда олардың біреуі есін жимастан қаза тапты.
XS
SM
MD
LG