Ауғанстандағы БҰҰ-ның қолдауындағы сайлауды бақылау комиссиясына сенбі күнгі парламент сайлауындағы заңсыздықтар жайлы 3 мыңға жуық шағым келіп түскен.
Сайлау шағымдарын қарайтын бұл комиссияның өкілі Ахмад Зиа Рафат Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында шағымдардың жартысына жуығы сенбі күннен бері түсті деді. Қалғаны сайлау науқаны кезінде қабылданған. Ондай арыз-шағымдарды қабылдау бүгін аяқталуы тиіс, бірақ Ахмад Зия Рафат ол тағы екі күнге созылуы мүмкін деп атап көрсетті.
"Ауғанстанның тәуелсіз әділ және еркін сайлау қоры" өздерінің дауыс берулер барысын 7 мың бақылаушысы бақылағанын айтып, сайлауда жаппай заңбұзушылықтар болды деді.