Accessibility links

Тәжікстан шабуылдан қаза тапқандар 25-ке жетті деді


Сейсенбі күні Тәжікстан Қорғаныс министрлігі жексенбі күні елдің әскеріне жасалған қанды шабуылдан қаза болғандар саны 25-ке жетті деді. Сейсенбі күні шабуылдан жарақат алған тағы екі әскер қаза тапқан.

Министрліктің мәлімдемесі Тәжікстан Рашт жазығындағы қақтығыста 40 әскерінен айрылып, тағы 25 сарбаз жоғалып кетті деген ақпарат құралдарының мәліметін жоққа шығарды. Және журналистерді мұндай жанжал тудыратын жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Дүйсенбі күні Қорғаныс министрлігі әскерилерге болған шабуылға Ауғанстан, Пәкістан және Ресейдің Кавказ аймағынан келген шетелдік исламистер жауапты деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG